«Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2024 ж.

    «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің

    міндетін атқарушының

    2015 жылғы 26 наурыздағы

    № 4-4/258 бұйрығымен

    бекітілген

    Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары

    Карантиндік объекті түрі
    Техника түрі (бүріккіш техника түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстардың тиімді және уақтылы жүргізілуін ескере отырып жүргізіледі)
    1 (бір) гектарды өңдеу бағасы
    қосылған құн салығынсыз баға, теңге
    қосылған құн салығымен баға, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері
    Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер
    4649,19
    5207,09
    2.
    Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық топырақта)
    Арқаға ілінетін бүріккіштер
    19649
    22006,88
    3.
    Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (жабық топырақта)
    Арқаға ілінетін бүріккіштер
    23244
    26033,28
    4.
    Жемісті дақылдардың бактериялық күйігі
    Желдеткішті бүріккіштер
    5781
    6474,72
    5.
    Арамшөптердің карантиндік түрлері:
    жатаған (қызғылт) кекіре, жусан жапырақты ойраншөп, көп жылдық ойраншөп; арам сояулар
    Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер
    2219,87
    2486,25

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.