Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ойыл ауылдық округі және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,0011 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін

    2. «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ойыл ауданының әкімі

    А. Казыбаев

    Ойыл ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы « 5» қаңтардағы

    № 1 қаулысына қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    Жер учас­ке­ле­рі бе­рі­ле­тін жер­де­гі жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­у­ла­ры
    Жер са­нат­та­ры
    Қа­уым­дық серви­тут бел­гі­леу кө­ле­мі, га
    Жай­ы­лым, га
    Бас­қа жер­лер, га
    1
    «Ба­қыт» ша­руа қо­жа­лы­ғы (Ой­ыл ауыл­дық окру­гі)
    Ел­ді-ме­кен жер­ле­рі
    0.0001
    0.0001
    -
    2
    «Бек­сұл­тан» ша­руа қо­жа­лы­ғы (Ш.Бер­си­ев атын­да­ғы ауыл­дық окру­гі)
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    0.0010
    0.0010
    -
    Барлығы:
    0.0011
    0.0011

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.