Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2023 ж.

    Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Зеренді ауданының әкімі

    А.Жаксылыков

    Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы

    Р.Габдуллина

    Бірлескен

    Зеренді ауданы әкімдігінің

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы

    № А-12/725 қаулысына және

    Зеренді аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы

    № 13-92 шешіміне

    қосымша

    Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

    Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
    Оның ішінде
    егістік
    шабындықтар
    жайылымдар
    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
    3600
    2850
    -
    750
    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
    24000
    19000
    -
    5000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.