Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесінде құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қаңтар 2024 ж.

    Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесінде құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын алып тастау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №08-02-07/01 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені Ынтымақ көшесінде құтыру ауруы бойынша шектеу шаралары алынсын.

    2. Киелітас ауылдық округі әкімінің 27.10.2023 жылғы «Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы» №46 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

    Киелітас ауылдық округінің әкімі

    П.Туребеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.