«Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қаңтар 2024 ж.

    «Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 6988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы»;

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

    Е. Жамаубаев

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары - Қаржы министрі

    2024 жылғы 10 қаңтардағы

    № 7 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2011 жылғы 19 мамырдағы

    № 256 бұйрығымен

    бекітілген

    нысан

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

    20__ жылғы « ___» ___________
    № ____________

    ______________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Сізге

    ______________________________________________________________________

    ___________________________________________________________ хабарлайды. (биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы)

    бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

    ______________________________________________________________________ биоотын айналымы саласында жол берілген, 20___жылғы «___»

    ___________ анықталған бұзушылықтар туралы ____________________________

    ______________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________

    __________________________________________________________ хабарлайды. (бұзушылықтың мазмұны)

    Заңның 22-бабына сәйкес биоотын нарығының қатысушысы, осы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындауға міндетті. Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

    Мемлекеттік кірістер органының басшысы (Басшының орынбасары) _________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

    Мөр орны

    Хабарламаны алдым _______________________________________________

    ______________________________________________________________________ (биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы, қолы, күні)

    Хабарлама тапсырылды ____________________________________________

    _________________________________________________________________ (биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы, қолы, күні)

    ______________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, күні)

    Хабарлама биоотын нарығының қатысушысына жіберілді

    Мекенжайы:

    ______________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________ (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.