Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 желтоқсан 2023 ж.

    Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығаруға арналған бастапқы сызықтар арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін.

    2. Маңғыстау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Маңғыстау облысы шекарасының схемалық картасы

    Маңғыстау облысы шекарасының сипаттамасы

    Маңғыстау облысының шекаралары мынадай болып белгіленген:

    солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қазіргі шекаралары арқылы;

    солтүстік-шығыс шекарасы Ақтөбе облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қазіргі шекаралары арқылы;

    оңтүстік шекарасы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы;

    оңтүстік-шығыс шекарасы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы;

    батыс шекарасы Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығаруға арналған бастапқы сызық бойымен өтеді.

    Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы Маңғыстау облысының аумағына кіретін жерлердің экспликациясы

    Ата­уы
    Ауда­ны, га
    Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны, оның ішін­де:
    721940,2365
    1) Ақ­тау қа­ла­сы бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    7470,9780
    2) Бей­неу ауда­ны бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    44403,4302
    3) Қа­ра­қия ауда­ны бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    103594,2512
    4) Маң­ғы­стау ауда­ны бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    68421,9385
    5) Мұ­най­лы ауда­ны бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    2867,6812
    6) Түп­қа­ра­ған ауда­ны бой­ын­ша об­лыс ше­ка­ра­сы­нан аумақ­тық су­лар­дың (те­ң­із­дің) енін есеп­теп шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ба­стап­қы сызық­қа дей­ін­гі ауда­ны
    495181,9574
    ________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.