«Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қаңтар 2024 ж.

    «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «16-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу жоспарларының және олардың орындалуының мониторингін жүзеге асырады;».

    2. «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздыкбеков

    Шымкент қаласы

    әкімдігінің 2024 жылғы

    «____»___________

    № ____ қаулысына

    қосымша

    Шымкент қаласы

    әкімдігінің 2021 жылғы

    23 қарашадағы № 1464

    қаулысымен бекітілген

    «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтыру мәтіні

    Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысымен бекітілген «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы 16-1) тармақшамен толықтырылды:

    «16-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу жоспарларының және олардың орындалуының мониторингін жүзеге асырады;».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.