Карантин іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 3) тармағына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 11-10/370 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіғара ауылдық округі, Қоныстану ауылындағы Ғ. Мұратбаев көшесінің мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е. Изимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.