2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қазан 2024 ж.

    2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін:

    1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

    2) келген мамандар үшін тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

    ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

    ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

    2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына да қолданылады.

    3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы

    Л. Топорова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.