Балқаш қаласындағы шетелдіктер үшін арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Балқаш қаласындағы шетелдіктер үшін арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Балқаш қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері қаладағы жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін – айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (нөл бүтін, оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Муслымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.