«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Сауран ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2024 ж.

    «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Сауран ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Сауран ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №9 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

    1. «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Сауран ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М.Таңғатаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.