Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 29/226 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Балқаш қалалық мәслихатының «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2666 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Муслымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.