Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2023 ж.
«Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария аудандық мәслихат төрағасы
Е. Әжікенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.