Курчатов қалалық маслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI «Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2023 ж.

    Курчатов қалалық маслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI «Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Курчатов қалалық маслихатының «Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7490 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы

    Г. Хусайнова

    Курчатов қалалық мәслихатының

    2023 жылғы 27 желтоқсандағы

    № 14/86-VIII шешіміне

    қосымша

    Курчатов қаласында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Курчатов қаласының келесі объектілерінен кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

    1. жаппай жерлеу орындарында;

    2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде;

    3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға;

    4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге;

    5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде тыйым салынады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.