Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 21/04 «2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 желтоқсан 2023 ж.

    Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 21/04 «2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 21/04 «2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқытық қатынастарға қолданылады.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Булекпаев

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 28 желтоқсандағы

    № 96/02 қаулысына қосымша

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 4 сәуірдегі

    № 21/04 қаулысына қосымша

    2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері

    Р/с №
    Субсидиялар көлемдері, мың теңге
    бірегей тұқымдар
    элиталық тұқымдар
    бірінші репродукция тұқымдары
    бірінші ұрпақ будандары тұқымдары
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    1 155
    372 964
    377 328
    17 589
    Барлығы
    769 036

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.