Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы №5/31 «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №26/161 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы №5/31 «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №26/161 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №187307 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1 қосымшасына өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі 1 қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы
Д. Шамшадинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.