Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылындағы көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауылдық округінің Железинка ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Железинка ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
«70 лет октября» көшесі «Ахмет Байтұрсынұлы» көшесіне;
«Киров» көшесі «Нұрым Үсенов» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі
К. Айсаков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.