Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50% пайыз көлемінде белгіленсін.

    2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

    Сарысу аудандық мәслихат төрағасы

    Ш. Мұсабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.