Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 65 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2023 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 65 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 65 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8826-16 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Е. Көшербаев

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2023 жылғы «25» желтоқсандағы

    № 306 қаулысына

    қосымша

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 30 наурыздағы

    № 65 қаулысына

    Қосымша

    Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

    Бюджет түрі
    Тұқым
    шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
    қажет етілетін
    ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
    оның ішінде (мың теңге)
    бірегей тұқымдар
    элиталық тұқымдар
    бірінші репродукция тұқымдары
    бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
    Жергілікті
    1 027 251,00
    8808,973
    71 678,528
    35 534,704
      911 228,795
    Барлығы
    1 027 251,00
    8808,973
    71 678,528
    35 534,704
    911 228,795

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.