Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11223) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар:

    1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан 1 тонна (литр) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың нормалары;

    2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетел тыңайтқыш өндірушілерінен сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың нормалары бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі

    ________________ А. Мамытбеков

    2016 жылғы « 14 » наурыз

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 14 » наурыздағы

    № 71 қаулысына

    1 қосымша

    Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан 1 тонна (литр) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың нормалары

    р/с
    Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
    Өлшем бірлігі
    Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
    Бір бірлікке арналған субсидиялар нормасы, теңге
    1
    Аммиакты селитра (N-34,4%)
    тонна
    50
    34000
    2
    Аммофос (N-10%:P2О5-46%)
    тонна
    50
    62500
    3
    Суперфосфат (P2О5-19%)
    тонна
    50
    32500
    4
    Б маркалы «Микробиотыңайтқыш «МЭРС» нәрлі ішінде микроэлемент бар ертінділер
    литр
    50
    5000
    5
    Хлорлы калий (К2О5-42%:KCL-65%)
    тонна
    50
    105000
    6
    Күкіртқышқылды калий (калий сульфаты) (К2О5-53%)
    тонна
    50
    140000
    7
    «Супрефос-NS» азот-күкіртқұрамды супрефос (N-12%:P2О5-24%)+(Ca;Mg;SO3)
    тонна
    50
    64000
    8
    YaraLiva Calcinit (кальций нитраты)
    тонна
    50
    140000
    9
    Kristalon Cucumber 14-11-31
    тонна
    50
    416500
    10
    Kristalon Special 18-18-18
    тонна
    50
    355500
    11
    Kristalon Red 12-12-36
    тонна
    50
    384500
    12
    Kristalon Yellow 13-40-13
    тонна
    50
    398000
    13
    Шилісай кен орнының фосфоритті концентраты мен ұны (P2О5-17%)
    тонна
    50
    12385

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 14 » наурыздағы

    № 71 қаулысына

    2 қосымша

    Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетел тыңайтқыш өндірушілерінен сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың нормалары

    р/с
    Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
    Өлшем бірлігі
    Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
    Бір бірлікке арналған субсидиялар нормасы, теңге
    1
    Карбамид (N-46,3%)
    тонна
    30
    36000
    2
    Карбамид (N-46,2%)
    тонна
    30
    34500
    3
    Аммоний сульфаты (N-21%)
    тонна
    30
    28500
    4
    Азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш (N10:P26:K26)
    тонна
    30
    54000
    5
    Азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш (N15:P15:K15)
    тонна
    30
    48000
    6
    Нитроаммофоска (N16:P16:K16)
    тонна
    30
    54000
    7
    Сұйық азотты тыңайтқыштар (КАС) (N-27-33%)
    тонна
    30
    25500
    8
    Аммиак селитрасы
    тонна
    30
    20400
    9
    А маркалы арнайы суда еритін моноаммонийфосфат (N-12%, P2O5-61%)
    тонна
    30
    114000
    10
    Калий сульфаты (Кristа SOP) (К2O-50%, К-43%, SO3- 45%, S-18%)
    тонна
    30
    134400
    11
    Магний сульфаты (Кristа MgS) (MgO-16%, Mg-9,6%, SO3-32%, S-13%)
    тонна
    30
    90300
    12
    Кristа MАG (магний нитраты) (N-11%, N-NO3-11%, MgO-15%, Mg-9%)
    тонна
    30
    111600
    13
    Кristа K Plus (калий нитраты) (NO3- N-13,7%, K2O-46,3%, K-38,4%)
    тонна
    30
    162300
    14
    Кristа MКР (монокалий фосфат) (P2O5-52%, P-22,7%, K2O-34%, K-28,2%)
    тонна
    30
    258600
    15
    Yara Vita Rexolin D12, темір хелаты DTRA
    килограмм
    30
    1308
    16
    Yara Vita Rexolin Q40, темір хелаты EDDHA
    килограмм
    30
    1127,7
    17
    Yara Vita Rexolin Cu15, мыс хелаты EDTA
    килограмм
    30
    1303,2
    18
    Yara Vita Rexolin Mn13, марганец хелаты EDTA
    килограмм
    30
    965,4
    19
    Yara Vita Rexolin Zn15, мырыш хелаты EDTA
    килограмм
    30
    965,4
    20
    Vara VitaTenso Coctail
    килограмм
    30
    1296,9
    21
    Yara Vita Rexolin APN
    килограмм
    30
    1286,1
    22
    Yara Vita Rexolin AВС
    килограмм
    30
    1026,9
    23
    Yara Liva Brassitrel (MgO 8,3, SO3 28,75, B 8, Mn 7, Mo 0,4)
    килограмм
    30
    753
    24
    Yara Vita Bortrac
    литр
    30
    462,6

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.