Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2023 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына, сәйкес Николаевка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:

    Советская көшесін – Баян - батыр көшесіне;

    Ленин көшесін - Достық көшесіне;

    Пролетарская көшесін - Есіл көшесіне;

    Киров көшесін - Ботай көшесіне;

    Автобаза көшесін – Мәншүк Мәметова көшесіне;

    СМУ көшесін - Әлия Молдағұлова көшесіне;

    Заготзерно көшесін – Алтын дән көшесіне;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Николаевка ауылдық округінің әкімі

    Н. Сапраров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.