«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрінің

    2023 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 537 бұйрығына

    Қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрінің

    2016 жылғы 19 қаңтардағы

    № 28 бұйрығына қосымша

    әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысан

    Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп

    Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:

    https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk

    Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан

    Индексі: 2-шығындарды өтеу

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Ұсынатын адамдар тобы: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы

    Қайда ұсынылады: «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    Ұсыну мерзімі: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін.

    «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде.

    Жол ко­ды
    Аумақ
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші ко­ды
    Үй­де оқи­тын мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар, адам
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сы­на тө­лен­бе­ген со­ма, мың тең­ге
    есеп­ті тоқ­сан ішін­де
    та­ғай­ын­дал­ды
    тө­лен­ді
    бар­лы­ғы
    оның ішін­де
    алушы­лар, адам
    со­ма­сы, мың тең­ге
    ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
    алушы­лар, адам
    со­ма­сы, мың тең­ге
    ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
    ұл­дар
    қы­здар
    А
    Б
    С
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    1
    Ауыл­дық жер­лер бой­ын­ша бар­лы­ғы
    2
    Қа­ла­лық жер­лер бой­ын­ша бар­лы­ғы
    3
    Об­лыс бой­ын­ша бар­лы­ғы
    Кестенің жалғасы
    жыл ба­сы­нан бер­гі ке­зең ішін­де
    та­ғай­ын­дал­ды
    тө­лен­ді
    алушы­лар, адам
    со­ма­сы, мың тең­ге
    ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
    алушы­лар, адам
    со­ма­сы, мың тең­ге
    ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    * Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады
    Атауы________________________________
    _____________________________________
    Мекенжайы___________________________
    ______________________________________

    Телефоны _____________________________________________________________

    Электрондық почта мекенжайa ___________________________________________

    Орындаушы ___________________________________________________ _______________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

    ____________________________________________________ ______________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    _______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.