Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2023 ж.
Аягөз аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы №31/209-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5-6-188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
А. Ибрайшин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.