Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде, Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:

    1. Железин ауданы Алакөл ауылдық округі Алакөл ауылындағы «Лесная» көшесі «Қабиден Бекетаев» көшесі, «Северная» көшесі «Достық» көшесі, «Комсомольская» көшесі «Жасұлан» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    Д. Шагеева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.