Шиелі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2023 ж.

    Шиелі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шиелі аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Шиелі ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 болып тіркелген);

    2) ««Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 35/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 болып тіркелген).

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шиелі аудандық мәслихат төрағасы

    А. Жандарбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.