Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген
Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
|
Р/с №
|
Квазимемлекеттік сектор субъектілері
|
Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион теңге
|
Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион Америка Құрама Штаттарының доллары*
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
|
5 741 720
|
12 482
|
|
2
|
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
|
2 319 780
|
5 043
|
|
3
|
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
|
92 000
|
200
*Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттарының доллары үшін 460 теңге бағамы бойынша
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.