Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28361 тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Төреғалиев

    қаулысына 1-қосымша

    Батыс Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2022 жылғы 23 мамырдағы

    № 91

    қаулысына 1-қосымша

    Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие  мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Елді мекен
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері
    Тәрбиеле
    нушілер саны
    Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    Туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлсіреген және жиі ауыратын балалар тобында 10,5 сағаттық болу режимі бар
    10,5 сағаттық режимі бар түзету түріндегі топта
    Толық емес күн болатын топта, жалпы білім беретін мектеп жанындағы мектепалды даярлық сыныбында
    қала
    21 907
    53 878
    49 553
    80 971
    97 475
    23 704
    ауыл
    11 901
    60 119
    55 100
    -
    -
    26 477

    Батыс Қазақстан облысы

    әкімдігінің қаулысына

    2-қосымша

    Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Аймақтың атауы
    Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері
    Тәрбиеле нушілер саны
    Балабақша / бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Балалар жарты күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін/3 жастан бастап
    1
    Ақжайық ауданы
    956
    11500/12000
    9000/9500
    -
    14500/15000
    2
    Бәйтерек ауданы
    2008
    14833/18595
    14833/18595
    -/9894
    30371/34183
    3
    Бөкейордасы ауданы
    573
    12800/13000
    -
    -
    -
    4
    Бөрлі ауданы
    592
    14000/15000
    -
    -
    -
    5
    Жаңақала ауданы
    1033
    10500/13650
    10500/-
    -
    14000/-
    6
    Жәнібек ауданы
    668
    11100/14100
    -
    -
    -
    7
    Казталов ауданы
    1376
    14800/16500
    8500/9000
    -
    4800/5000
    8
    Қаратөбе ауданы
    670
    13000/16000
    -
    -
    16280/21560
    9
    Сырым ауданы
    799
    12772/15166
    -
    -
    15200/16000
    10
    Тасқала ауданы
    697
    14300/17640
    -
    -
    16000/18000
    11
    Теректі ауданы
    1947
    12156/17993
    -
    -
    16000/16000
    12
    Шыңғырлау ауданы
    582
    14384/17217
    -
    -
    -
    13
    Орал қаласы
    19177
    17000/19000
    -/18000
    -
    35000/40000
    14
    Ақсай қаласы
    2730
    19000/20000
    -
    -
    40000/45000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.