«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27945 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер Министрі

    М. Нұртілеу

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.