«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 желтоқсан 2023 ж.

    «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар бекітілсін:

    1) осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

    2. 1-тармақтың алтыншы абзацының күші 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы

    Е.Рамазанов

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 5 желтоқсандағы

    № А-12/555 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысымен

    бекітілген

    Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    болу режимі 9 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    жарты күн болатын топта
    Қала
    18811
    52 954 теңге
    48 687 теңге
    79 676 теңге
    95 955 теңге
    23 258 теңге
    Ауыл
    17400
    59 111 теңге
    54 160 теңге
    89 938 теңге
    108 783 теңге
    25 994 теңге
    Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    Қала
    1496
    55 019 теңге
    79 676 теңге
    95 955 теңге
    Ауыл
    155
    61 693 теңге
    89 938 теңге
    108 783 теңге

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 5 желтоқсандағы

    № А-12/555 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

    Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    3 жасқа дейін
    3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
    жарты күн болатын топта
    14 576,36 теңге
    17 805,80 теңге
    8 902,90 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.