Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы №11-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7279-07 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 – тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;»;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Т. Кадимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.