Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Арыс қаласы, Жиделі ауылдық округі аумағынан су жүйелері (канал) үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 21,2 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге - 3 /үш/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.
2. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) Осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Арыс қаласының әкімі
Г.Кұрманбекова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.