Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы әкімдігінің «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9927 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    Қостанай облысының әкімі

    К. Аксакалов

    Келісілді

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрлігі

    Қостанай облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 589 қаулысына

    қосымша

    Қостанай облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 31 каңтардағы

    № 44 қаулысына

    қосымша

    2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

    Субсидиялау бағыты
    Өлшем бірлігі
    Субсидияланатын көлем
    Субсидиялар сомасы, мың теңге
    Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
    1.
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
    1.1
    Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
    бас/шағылыстыру маусымы
    51 135
    511 350,0
    1.2
    Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
    17 299
    259 485,0
    2.
    Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
    бас/шағылыстыру маусымы
    1 177
    117 700,0
    3.
    Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
    сатып алынған бас
    1 710
    253 967,6
    4.
    Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
    4.1
    отандық
    сатып алынған бас
    865
    129 122,0
    5.
    Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас іріқара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
    тiрiдей салмағы, килограмм
    6 287 018
    1 257 403,7
    6.
    Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату
    Өндірілген сиыр етінің килограмы
    2 999 994
    524 999,0
    Жиыны
    3 054 027,2
    Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
    1.
    Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:
    1.1
    бір жынысты
    сатып алынған доза
    7 100
    71 000,0
    1.2
    қос жынысты
    7 844
    31 956,2
    2.
    Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
    2.1
    отандық
    сатып алынған бас
    214
    42 800,0
    2.2
    Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
    236
    94 400,0
    3.
    Сүт өндіру құнын арзандату:
    3.1
    бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
    өткізілген немесе өңделген килограмм
    22 292 000
    1 003 140,0
    3.2
    бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық
    38 067 329
    1 142 019,9
    3.3
    бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
    7 116 287
    142 325,7
    3.4
    ауыл шаруашылығы кооперативі
    35 573 674
    711 473,5
    Жиыны
    3 239 115,3
    Етті құс шаруашылығы
    1.
    Құс етін өндіру құнын арзандату
    1.1
    500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
    өткізілген килограмм
    9 251 955
    462 597,8
    Жиыны
    462 597,8
    Жұмыртқалы құс шаруашылығы
    1.
    Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
    сатып алынған бас
    803 701
    48 222,1
    2.
    Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
    өткізілген дана
    9 281 373
    27 844,1
    Жиыны
    76 066,2
    Қой шаруашылығы
    1.
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
    1.1
    қойлардың асыл тұқымды аналық басы
    бас/шағылыстыру маусымы
    6 069
    24 276,0
    1.2
    қойлардың тауарлық аналық басы
    24 813
    62 032,5
    2.
    Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
    сатып алынған бас
    733
    10 995,0
    3.
    Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату
    өткізілген бас
    550
    1 650,0
    Жиыны
    98 953,5
    Жылқы шаруашылығы
    1.
    Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
    сатып алынған бас
    10
    1 000,0
    Жиыны
    1 000,0
    Шошқа шаруашылығы
    1.
    Асыл тұқымды шошқалар сатып алу
    сатып алынған бас
    55
    7 700,0
    2.
    Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
    бас/шағылыстыру маусымы
    5 258
    210 290,1
    Жиыны
    217 990,1
    Балара шаруашылығы
    1.
    Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
    Балара ұясы/маусым
    50
    250,0
    Жиыны
    250,0
    Барлығы
    7 150  000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.