Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үйқорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24039 болып тіркелді);

    2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30866 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    К. Шарлапаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновация және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2023 жылғы 27 желтоқсандағы

    № 168 бұйрығымен

    бекітілген

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2 бабының 9-2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.

    2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

    2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі

    4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.

    5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және:

    1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

    2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;

    4) Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;

    5) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

    6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.

    Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.

    6. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.

    7. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады.

    Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған тұлғалардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    8. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.

    9. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

    Өтініш, жұмыс уақытынан тыс уақытта немесе мереке күндері келіп түскен жағдайда, қарау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің Қазақстан Республикасы бойынша бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама алған сәттен бастап ұсынады.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттар, отбасының барлық мүшелеріне салық салынатын кірістер туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық «электрондық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.

    Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің и 8-тармағы 3)-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында орналасқан «Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі» ақпараттық сервисті пайдалану арқылы алады.

    10. Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді есепке алу туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

    1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;

    2) немесе Тізбенің 9-тармағына сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

    11. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:

    1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;

    2) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң – Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;

    3) оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң бұзылуы немесе бүлiнуi;

    4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;

    5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса.

    11-1. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.

    Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.

    12. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын (тәсілі)туралы хабарлама жібереді.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

    13. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Біріңғай байланыс-орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

    тұрғын үйге немесе жеке тұрғын

    үй қорынан жергілікті атқарушы

    орган жалдаған тұрғын үйге

    мұқтаж Қазақстан Республикасының

    азаматтарын есепке қою

    қағидаларына 1-қосымша

    Астана, Алматы және Шымкент

    қалаларының, ауданның және

    облыстық маңызы бар қаланың

    жергілікті атқарушы органының

    тұрғын үй қатынастары

    саласындағы функцияны жүзеге

    асыратын құрылымдық

    бөлімшеcінің атауы

    азамат __________________

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болса),

    жеке сәйкестендіру нөмірі

    (бұдан әрі – ЖСН)

    Өтініш

    Мені «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:

    1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою тізімі

    _____________________________________________________________________ (Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы

    2) санаты_____________________________________________________________

    3) отбасы құрамы:_____________________________________________________ (туыстық дәрежесі)

    ЖСН: ___________________;

    4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар үшін):

    ____________________________________________________________________________; (еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс; өзге де табыс және өтініш берердің алдындағы соңғы он екі ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);

    5) отбасында жүктілігі жиырма екі аптадан асқан әйелдің бар екені туралымәліметтер,ЖСН: ____________________________________________________;

    6) мүгедектігі бар бала туралы мәліметтер, ЖСН____________________;

    7) мүгедектік, қарттар, жүрек-қан тамыр аурулары және басқа да ауыр науқасқа шалдыққандар туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН:_______________________________________________________________

    8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектік туралы мәліметтер, ЖСН:_______________________________________________________________

    9) жұмыс орны туралы мәліметтер: _________________________________

    (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);

    10) қорғаншы (қамқоршы) және патронат тәрбиеші туралы мәліметтер:

    ____________________________________________________________________________ (ЖСН, қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні не патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың нөмірі мен күні, қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы шешім қабылдаған, патронаттық тәрбие туралы шарт жасасқан органның атауы);

    11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер:_________________________________ (жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, кадастрлық нөмірі, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер);

    12) ауданы (тиістіден кем), жиынтықталуы және қабаттылығы сәйкес келмейтін тұрғын үй бөлінген кезде келісімі не одан бас тартуы:

    келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын сызу);

    13) ұялы телефон нөмірі: _________________________________________;

    14) электрондық пошта __________________________________________.

    Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    20__ жылғы «__» __________ __________________ (қолы)

    Қосымша: 1. _________________; 2.________________________

    ____________________ (күні, қолы)

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

    тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй

    қорынан жергілікті атқарушы орган

    жалдаған тұрғын үйге мұқтаж

    Қазақстан Республикасының

    азаматтарын есепке қою

    қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік

    мекеменің/мемлекеттік

    кәсіпорынның басшысы тегі, аты,

    әкесінің аты (болған кезде)

    _____________________________

    мекенжайы бойынша тұратын

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар

    болған кезде) азаматтан(ша)

    ____________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі

    (бұдан әрі – ЖСН)

    Өтініш

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына (бұдан әрі - Заң)сәйкес мені отбасы құрамына сәйкес _____ санаты бойынша _____ бөлмелі мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюды сұраймын.

    Отбасының құрамы:

    1._____________________________________________________________________________ (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туыстық дәрежесі)

    ЖСН _______________________________________________________

    Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «__»__________ _____________ (қолы)

    Қосымша: 1.____________________ ;

    2.________________________ . __________________ (күні, қолы)

    Мемлекеттік тұрғын үй

    қорынан тұрғын үйге немесе

    жеке тұрғын үй қорынан

    жергілікті атқарушы орган

    жалдаған тұрғын үйге мұқтаж

    Қазақстан Республикасының

    азаматтарын есепке қою

    қағидаларына

    3-қосымша

    Астана, Алматы және Шымкент

    қалаларының, аудандардың

    және облыстық маңызы бар

    қалалардың жергілікті атқарушы

    органдарының тұрғын үй

    қатынастары саласындағы

    функцияны жүзеге асыратын

    құрылымдық бөлімшеcінің атауы

    ____________________________

    азаматтан (ша)

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

    кезде), жеке сәйкестендіру

    нөмірі(бұдан әрі – ЖСН)

    Өтініш

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін есепке қоюға бұрын берілген менің деректерімді не менің отбасы мүшелерімнің деректерін жаңартуды, өзгертуді немесе толықтыруды сұраймын:

    1. Өтініш берушінің ЖСН: ____________________________

    2. Отбасы мүшесінің ЖСН (деректері жаңартылатын):

    ________________________________________________________________

    3. Деректерді өзгерту, жаңарту не толықтыру себебі және растайтын құжат: ______________________________________

    Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «__» __________ _____________. (қолы)

    Қосымша: 1. ________________ ; 2. ________________ .

    __________________________ (күні, қолы)

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

    тұрғын үйге немесе жеке тұрғын

    үй қорынан жергілікті атқарушы

    орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж

    Қазақстан Республикасының

    азаматтарын есепке қою

    қағидаларына 4-қосымша

    «Мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан бе­рі­ле­тін тұр­ғын үй­ге неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ге мұқ­таж Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­рын есеп­ке алу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Мем­ле­Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры са­ла­сын­да функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    www. egov. kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­ге неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ге мұқ­таж Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­рын есеп­ке қою қа­ғи­да­ла­ры (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 10-2-ба­бы­ның 9-2) тар­мақ­ша­сы­ның 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес, өті­ніш түс­кен сәт­тен ба­стап 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей оны қа­рай­ды
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    ке­зек­тің рет­тік нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, есеп­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не ұя­лы те­ле­фон­ған­ға sms-ха­бар­ла­ма.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат ны­сан­да­ры­ның жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­дерiн қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бi­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден са­ғат 18.30-ге дей­iн, түс­кі үзiлi­сі са­ғат 13.00-тен 14.30-ге дей­ін;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі құ­жат­тар тіз­бе­сі
    1) өті­ніш;
    2) әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі және мем­ле­кет­тік сай­лан­ба­лы қыз­мет ат­қа­ра­тын адам­дар жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма ұсы­на­ды;
    3) мы­на­дай жағ­дай­лар­да: от­ба­сы тұ­ра­тын тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сай кел­мей­тін бол­са, өті­ніш бе­ру­ші са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­мет ұй­ы­мы жүр­гіз­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі бер­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
    от­ба­сы тұ­рып жа­тқан тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға жа­у­ап бер­мей­тін бол­са, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы­ның тех­ни­ка­лық қо­ры­тындыс­ы­ның (тұр­ғын үй­ді тех­ни­ка­лық тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
    жап­сар­лас, оқ­ша­у­лан­ба­ған тұр­ғын үй-жай­лар­да екі және одан көп от­ба­сы тұ­рып жа­тқан жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі тұ­ра­тын тұр­ғы­н­жай­дың тех­ни­ка­лық пас­пор­ты мен құқық бел­гі­лей­тін құ­жа­ты­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­сым­ша ұсы­на­ды;
    от­ба­сы құ­ра­мын­да кей­бір со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың ауыр түр­ле­рі­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар бар, бір үй-жай­да (пәтер­де) олар­мен бір­ге тұ­ру мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ти­іс­ті ау­ру тү­рін рас­тай­тын құ­жат­ты қо­сым­ша ұсы­на­ды.
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де де­ректер бол­ма­ған жағ­дай­да: ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­тын аза­мат­тар қо­сым­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­ты, сон­дай-ақ от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне (мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ла­ры бар неме­се олар­ды тәр­би­е­леп отыр­ған от­ба­сы­лар­ды, же­тім ба­ла­лар­ды, ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ды, Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­рын қо­с­па­ған­да) соң­ғы он екі ай ішін­де та­бысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ұсы­на­ды.
    Бас­қа адам­дар­ды өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ны­ған жағ­дай­да, олар­ды өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­ле­рі ұсы­ны­ла­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың, неке­ге тұ­ру неме­се неке­ні бұ­зу ту­ра­лы, қай­тыс бо­лу ту­ра­лы, ба­ла­лар­дың ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі­нің мә­лі­мет­те­рін, мен­шік құқы­ғын­да олар­ға ти­е­сі­лі тұр­ғын үй­дің (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша) бар-жо­ғы, от­ба­сы­ның бар­лық мү­ше­ле­рі­нің ме­кен­жайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, бас­қа адам­дар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мін, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­ге, бюд­жет­тік ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­ріне, ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­тер­ді от­ба­сы­ның бар­лық мү­ше­ле­ріне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) жал­ғыз тұр­ғы­н­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен ава­ри­я­лық деп та­ны­л­ған аза­мат­тар­ға тұр­ғы­н­жайы ава­ри­я­лық деп та­ны­л­ған ел­ді ме­кен­нен тыс жер­де өті­ніш біл­дір­ген кез­де, сон­дай-ақ, егер аза­мат­тың соң­ғы бес жыл­дың iшiн­де өз тұр­ғын үй жағ­дай­ла­рын қа­са­қа­на на­шар­ла­туы сал­да­ры­нан мы­на­дай жол­дар­мен мұқ­таж­ға ай­нал­ға­ны:
    -тұр­ғын үй-жай­ын ауы­стыр­ға­ны;
    -оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бел­гiлi бiр ел­дi ме­кенiн­де ор­на­ла­суы­на қа­ра­ма­стан, өзiне мен­шiк құқы­ғы­мен ти­есiлi, тұ­ру үшiн жа­рам­ды тұр­ғын үй­дi, жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган тұр­ғын үй­дi са­тып ал­ған­нан бас­қа жағ­дай­лар­да, иелi­гi­нен шы­ға­руы;
    - тұр­ғын үй­дiң өз кiнәс­i­нен бұ­зы­луы неме­се бүлi­нуi;
    - тұр­ған кезiн­де оның мем­ле­кет­тiк тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ге мұқ­таж бол­ма­ған кез­де тұр­ғын үй­i­нен ке­туi;
    - жұ­бай­ы­нан, кәме­лет­ке тол­ма­ған және ең­бек­ке жа­рам­сыз ба­ла­ла­ры­нан, сон­дай-ақ ең­бек­ке жа­рам­сыз ата-ана­ла­ры­нан бас­қа адам­дар­ды тұр­ғыз­ға­ны анық­тал­са.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    3. Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу үшін элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу субъ­ек­ті­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес бір рет­тік па­роль­дер­ді пай­да­ла­на ала­ды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.