«Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2023 ж.

    «Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған:

    1) цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы;

    2) цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағында:

    жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    5.
    Тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың бо­луы:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай электр энер­ге­ти­ка­лық жүй­е­сіне қо­сыл­ма­ған, энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар­дың өн­ді­ру­ші қон­дыр­ғы­ла­ры өн­ді­ре­тін электр энер­ги­я­сын пай­да­ла­на­тын цифр­лық май­нер­лер­ді қо­с­па­ған­да
    энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар­дан кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры рұқ­сат еті­л­ген қу­а­ты ке­мін­де бір ме­га­ватт транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­лар­дан тех­ни­ка­лық шар­ттар ал­ған цифр­лық май­нер­лер үшін;
    2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір­ге дей­ін энер­гия бе­ру­ші (энер­гия өн­ді­ру­ші) ұй­ым­дар­дың электр же­лі­ле­ріне қо­су­ды жү­зе­ге асыр­ған цифр­лық май­нер­лер үшін
    »;
    мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
    «
    7.
    Цифр­лық май­нинг жө­нін­де­гі қыз­ме­тін цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғын пай­да­ла­на оты­рып, цифр­лық май­нинг­тік пул ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру
    »;
    осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағымен толықтырылсын.
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:
    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    __________Т. Жаксылыков

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Турысов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бас прокуратурасы

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу жөніндегі

    комитеті

    Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрінің

    міндетін атқарушы

    2023 жылғы 27 желтоқсандағы

    № 184 мен

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрінің міндетін атқарушы

    2023 жылғы 25 желтоқсандағы

    № 662/НҚ бірлескен бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 26 сәуірдегі

    № 49 және

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрінің

    2023 жылғы 25 сәуірдегі

    № 164/НҚ бірлескен бұйрығымен

    бекітілген

    Тексеру парағы

    цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласында Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________ ___________________________________________________________ №, күні Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________ __________________________________________________________________

    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1
    2
    3
    4
    1.
    Цифр­лық май­нинг­тік пул­дың ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­ше­ні­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да нақ­ты ор­на­ла­суы
    2.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­нақ­тар­дың оң нәти­же­сі бар сы­нақ­тар ак­ті­сі­нің бо­луы
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге ел­ді ме­ке­нін­де (аста­на­да, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­да, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­да, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­да) ор­на­лас­қан ке­мін­де бір ре­зерв­тік ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің бо­луы
    4.
    Цифр­лық май­нинг­тік пулы­ның (негіз­гі және ре­зерв­тік) ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­ше­ні­нің әр­қай­сысын бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін әр­түр­лі жет­кі­зу­ші­лер­ден (про­вай­дер­лер­ден) бө­лін­ген екі бай­ла­ныс ар­на­сы­мен қам­та­ма­сыз ету
    5.
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де тех­ни­ка­лық қол­дау қыз­ме­ті­нің цифр­лық май­нинг­тік пулы­ның және кли­ент­тер­дің тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­тін ре­жим­де­гі жол­да­ным­да­ры­ның бо­луы
    6.
    Цифр­лық май­нинг­тік пулы­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің мем­ле­кет­тік, орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де пай­да­ла­ну­шы ин­тер­фей­сі­нің бо­луы
    7.
    Дер­бес де­ректер­ге қол жет­кі­зу­ді ба­қы­ла­удың мем­ле­кет­тік сер­ви­сі­мен ин­те­гра­ци­я­лау ту­ра­лы оң жа­у­а­бы бар ха­ты­ның бо­луы
    8.
    Цифр­лық ак­тив­тер са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға және са­лық­тар­дың және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­дің тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті ор­ган­ға цифр­лық май­нинг­тік пул­дың цифр­лық май­нер­лер­дің кі­рі­сте­рі ту­ра­лы се­нім­ді мә­лі­мет­тер­ді са­лық са­лу мақ­сат­та­ры үшін цифр­лық май­нинг­тік пул ай сай­ын цифр­лық ак­тив­тер­ді бө­лу орын ал­ған ай­дан кей­ін­гі ай­дың 25 (жиыр­ма бе­сін­ші) кү­ні­нен ке­шік­тір­мей уақ­ты­лы ұсы­нуы

    Лауазымды тұлға (лар) __________________________ _________________ лауазымы қолы ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бақылау субъектісі (объектісі) ___________________________ __________ лауазымы қолы ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.