«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30714 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары» 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны» 3-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту

    Агенттігінің Басқармасының

    2023 жылғы 22 желтоқсандағы

    № 94 қаулысына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі Басқармасының

    2022 жылғы 22 қарашадағы

    № 93 қаулысына

    1-қосымша

    Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), «Микроқаржылық қызмет туралы» (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, қызмет көрсетуші) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат (бұдан әрі – айналдыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беру тәртібін айқындайды.

    Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

    2. Қағидаларда Микроқаржылық қызмет туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Рұқсаттар туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылатын ұғымдар қолданылады.

    3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға қосымшада келтірілген.

    2-тарау. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

    4. Айналдыруға рұқсат алу үшін өтініш беруші Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 8-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруіне қажетті құжаттар тізбесін қоса бере отырып, уәкілетті органға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

    5. Қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

    Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, түзетілген не сызылған сөздері және оларда келісілмеген өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

    6. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады (Қазақстан Республикасы бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылатын көрсетілген құжаттар қазақ тіліне және қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады және Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға жатады.

    7. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш қабылданған және тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен мынадай:

    жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

    жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;

    заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

    Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) құжаттардың қолданыс мерзімі өткен фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту дайындайды және жолдайды.

    9. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

    10. Ұсынылған құжаттар Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-2-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынудан бас тарту негіздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызмет беруші Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызмет алушыға оларды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен хатты пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта арқылы жібереді.

    11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызмет алушыны мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Көрсетілетін қызмет алушы ұсынған құжаттарды қарау және тыңдау өткізу нәтижелері бойынша жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының қарауына айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына жібереді.

    Айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

    Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызмет алушыға айналдыруға рұқсат беру туралы хабарламаны және уәкілетті органның Басқармасы қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, айналдыруға рұқсат беру туралы хабарламаны немесе мемлекет қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап жолдайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, алайда өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ӘРПК -нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес хабардар етіледі.

    12. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

    Уәкілетті орган айналдыруға рұқсат бере отырып бір мезгілде Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіпте рұқсаттар мен келісімдер береді.

    Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру» (қажет болған кезде) және «Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру» (қажет болған кезде) мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі, бұл қызметтерді көрсету тәртібі «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) және «Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген) көзделеді.

    13. Айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

    14. Айналдыруға рұқсаттың қолданыс мерзімі айналдыруға рұқсат берілген күннен бастап 1 (бір) жыл. Уәкілетті орган мерзімді микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.

    15. Айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

    Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға арналған рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы банкке осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарын уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде күшін жоюға тиіс.

    16. Ерікті түрде қайтару кезінде микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатта көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін оған айналдыру үшін берілген рұқсатты қайтарады.

    17. Микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде айналдыруға бұрын берілген рұқсат және Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылған болып саналады.

    18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    19. Шағымда:

    1) шағымды қарастыратын органның атауы;

    2) көрсетілетін қызметті алушының атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;

    3) көрсетілетін қызметті алушының атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

    4) шағым беруші тұлға өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

    5) шағымның берілген күні;

    6) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетілуге тиіс.

    Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

    20. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын әкімшілік орган, лауазымды адам пікірмен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын береді.

    Микроқаржы ұйымын банкке

    айналдыру нысанында ерікті түрде

    қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

    қағидаларына

    қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мын банк­ке ай­нал­ды­ру ны­са­нын­да ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру
    1.
    Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
    Қыз­мет­ті көр­се­ту­ші­нің кең­се­сі
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Қыз­мет көр­се­ту­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын өт­кіз­ген күн­нен ба­стап 65 (ал­пыс бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі ақы­л­ға қо­ным­ды мер­зім­ге, бі­рақ осы Қа­ғи­да­лар­дың 11-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер бой­ын­ша 2 (екі) ай­дан ас­пай­тын уа­қыт­қа ұзар­ты­луы мүм­кін.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ға­з­да
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мын банк­ке ай­нал­ды­ру ны­са­нын­да ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру­ға рұқ­сат­ты және Бас­қар­ма қа­улы­сы­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­са бе­ре оты­рып Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мын банк­ке ай­нал­ды­ру ны­са­нын­да ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын төлем­нің мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Қыз­мет­ті көр­се­ту­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш­ке қол қо­ю­ға уәкі­лет­тік бер­ген адам­ның қо­лы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған қа­ғаз құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ак­ци­о­нер­ле­рі­нің жал­пы жи­на­лы­сы­ның өті­ніш бе­ру­ге уәкі­лет­ті тұл­ға ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын банк­ке ай­ыр­ба­стау ны­са­нын­да ерік­ті түр­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­сі;
    3) осы қа­улы­ға 5 және 6-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ак­ци­я­ла­рын ке­мін­де 10 (он) пай­ыз мөл­ше­рін­де ие­ле­не­тін ак­ци­о­нер­лер – же­ке және заң­ды тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның үле­стес тұ­лға­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (қар­жы­лық есеп­ті­лік де­по­зи­та­рий­і­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да);
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны «Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң) 25-3-ба­бы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін банк­ке ай­нал­ды­ру бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жос­па­ры;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ак­ци­о­нер­ле­рі­нің жал­пы жи­на­лы­сы бе­кіт­кен банк­тік және өзге де опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ли­цен­зия ал­ған­нан кей­ін­гі ке­ле­сі үш жы­л­ға ар­нал­ған банк­тің биз­нес-жос­па­ры. Биз­нес-жос­пар­дың маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар, ашы­ла­тын банк­тің то­лық құ­ры­лы­мы, қар­жы­лық пер­спек­ти­ва­ла­ры (ал­ғаш­қы 3 (үш) қар­жы (опе­ра­ци­я­лық) жы­лы­на ар­нал­ған бюд­же­ті, есеп ай­ы­ры­су ба­лан­сы, пай­да мен зи­я­ны­ның шо­ты, мар­ке­тинг­тік жос­па­ры (банк­тің кли­ент­те­рін қа­лып­та­сты­ру), сон­дай-ақ тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да «Банк­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің фи­ли­а­лын ашу­ға рұқ­сат бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, Банк­тер­ді, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­рын банк опе­ра­ци­я­ла­рын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген өзге де опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ли­цен­зи­я­лау, ис­лам банк­те­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-ис­лам банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­ры жү­зе­ге асы­ра­тын банк опе­ра­ци­я­ла­рын және өзге де опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді ли­цен­зи­я­лау қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі бас­қар­ма­сы­ның 2020 жы­л­ғы 30 на­уры­зда­ғы № 36 қа­улы­сын­да (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20228 бо­лып тір­кел­ген) бел­гі­ле­не­ді;
    7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк заң­на­ма­сы­на сәй­кес кел­ті­ру мақ­са­тын­да ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер­мен және то­лық­ты­ру­лар­мен жар­ғы­ның жо­ба­сы;
    8) «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы банк­тер және банк қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Банк­тер ту­ра­лы заң) 11-1-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер;
    9) Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 17-1-ба­бын­да көз­дел­ген өті­ніш пен биз­нес-жос­пар­ды қо­с­па­ған­да, өті­ніш бе­ру­ші банк­тің неме­се банк хол­дин­гі­нің ірі қа­ты­су­шы­сы мәр­те­бе­сін алу қа­жет болған жағ­дай­да Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 17-1-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын тәр­тіп­пен құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, же­ке тұл­ға-Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ре­зи­ден­ті­нің жой­ыл­ма­ған неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның жоқ еке­нін рас­тай­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қыз­мет көр­се­ту­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
    1) банк ата­уы­ның Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 15-ба­бы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­сызды­ғы.
    Қар­жы­лық жағ­дай­дың тұ­рақ­сызды­ғы деп Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 17-1-ба­бы 10-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген бел­гі­лер­дің бо­луы тү­сі­ні­ле­ді;
    3) құ­ры­л­тай­шы-же­ке тұл­ға­ның не құ­ры­л­тай­шы-заң­ды тұл­ға­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны не бас­қа­ру ор­га­ны бі­рін­ші бас­шы­сы­ның:
    жой­ыл­ма­ған неме­се алын­ба­ған сот­тал­ғанды­ғы­ның бо­луы;
     уәкі­лет­ті ор­ган неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тің қар­жы­лық қа­да­ға­лау ор­га­ны банк­ті тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз банк­тер са­на­ты­на жат­қы­зу не оның ак­ци­я­ла­рын мәж­бүр­леп са­тып алу, қар­жы ұй­ы­мын, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мын та­ра­ту­ға және (неме­се) олар­дың қар­жы на­ры­ғын­да­ғы қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руын тоқ­та­ту­ға алып кел­ген, олар­ды ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған­ға дей­ін не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен қар­жы ұй­ы­мын, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мын мәж­бүр­леп та­ра­ту неме­се оны банк­рот деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген­ге дей­ін бір жыл­дан ас­пай­тын ке­зең­де қар­жы ұй­ы­мы­ның, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы­ның бас­қа­ру ор­га­ны­ның бі­рін­ші бас­шы­сы, ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның бі­рін­ші бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры, бас бух­гал­те­рі ла­у­а­зы­мын ат­қа­руы.
    Көр­се­ті­л­ген та­лап уәкі­лет­ті ор­ган неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тің қар­жы­лық қа­да­ға­лау ор­га­ны банк­ті тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз банк­тер са­на­ты­на жат­қы­зу не оның ак­ци­я­ла­рын мәж­бүр­леп са­тып алу, қар­жы ұй­ы­мын, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мын та­ра­ту­ға және (неме­се) олар­дың қар­жы на­ры­ғын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руын тоқ­та­ту­ға алып кел­ген, олар­ды ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған­нан кей­ін не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен қар­жы ұй­ы­мын, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-қар­жы ұй­ы­мын мәж­бүр­леп та­ра­ту неме­се оны банк­рот деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген­нен кей­ін бес жыл бойы қол­да­ны­ла­ды. Осы тар­мақ­ша­ның мақ­сат­та­ры үшін қар­жы ұй­ы­мы деп Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің фи­ли­а­лы да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның фи­ли­а­лы да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-сақ­тан­ды­ру бро­ке­рі­нің фи­ли­а­лы да тү­сі­ні­ле­ді;
    4) Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 17-ба­бын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы;
    5) Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 17-1-ба­бы­на сәй­кес қыз­мет көр­се­ту­ші­нің банк­тің ірі қа­ты­су­шы­сы, банк хол­дин­гі мәр­те­бе­сін ием­де­ну­ге ке­лі­сім бе­ру­ден бас тар­туы;
    6) Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 11-1-ба­бы­на сәй­кес банк хол­дин­гі­нің ен­ші­лес ұй­ы­мын құ­ру­ға (са­тып алу­ға) рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту;
    7) банк­тің биз­нес-жос­па­ры және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған өзге де:
    ал­ғаш­қы үш қар­жы (опе­ра­ци­я­лық) жыл өт­кен­нен кей­iн банк қыз­метiнiң рен­та­бель­дi бо­ла­ты­нын;
    банк тәу­е­кел­дi шек­те­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­тау және тиiстi бас­қа­ру құ­ры­лы­мын құ­ру ни­етiн­де екенiн;
    банк өз қыз­метiнiң жос­па­ры­на сәй­кес есеп және ба­қы­лау құ­ры­лы­мы­на ие болғанды­ғын көр­сет­пе­се;
    8) қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар бой­ын­ша ес­кер­ту­ле­рін ол бел­гі­ле­ген мер­зім­де жой­мау;
    9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны банк­ке ай­нал­ды­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­ры­ның Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 25-3-ба­бын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны банк­ке ай­нал­ды­ру сал­дар­ла­ры­ның қар­жы­лық бо­лжа­мы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны банк­ке ай­нал­ды­ру және (неме­се) құ­ра­мы­на банк және (неме­се) банк хол­дин­гі кі­ре­тін банк кон­гло­ме­ра­ты­ның пру­ден­ци­ал­дық нор­ма­тив­тер­ді сақ­та­мауы сал­да­ры­нан банк­тің қар­жы­лық жай-күй­і­нің на­шар­ла­у­ын бо­лжай­ды;
    11) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бел­гі­лен­ген пру­ден­ци­ал­дық нор­ма­тив­тер­ді және (неме­се) мик­ро­қар­жы ұй­ы­мын банк­ке ай­нал­ды­ру­ға рұқ­сат алу­ға өті­ніш бер­ген күн­нің ал­дын­да­ғы соң­ғы үш ай ішін­де және (неме­се) өті­ніш­ті қа­рау ке­зе­ңін­де бас­қа да сақ­та­лу­ға мін­дет­ті нор­ма­тив­тер мен ли­мит­тер­ді сақ­та­мауы;
    12) өті­ніш бе­рі­л­ген кү­ні және құ­жат­тар­ды қа­рау ке­зе­ңін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 28-ба­бы 2-тар­ма­ғы бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген қол­да­ны­с­та­ғы шек­те­улі ық­пал ету ша­ра­сы­ның және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ко­дек­сі­нің 211-ба­бы­ның бі­рін­ші, 3-1, төр­тін­ші бө­лік­те­рін­де және 227-ба­бы­ның үшін­ші бө­лі­гін­де көз­дел­ген әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар үшін әкім­ші­лік жа­за­лар­дың бо­луы;
    13) Мик­ро­қар­жы­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­ның 25-1-ба­бы­ның, Банк­тер ту­ра­лы заң­ның 18 және 21-бап­та­ры­ның та­лап­та­рын сақ­та­мау.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­нан алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет «Банк­тің және (неме­се) сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның ірі қа­ты­су­шы­сы, және (неме­се) ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру­шы­ның ірі қа­ты­су­шы­сы­ның және (неме­се) банк және (неме­се) сақ­тан­ды­ру хол­дин­гі мәр­те­бе­сін ие­ле­ну­ге ке­лі­сім бе­ру» (қа­жет болған кез­де) және «Банк­ке неме­се банк хол­дин­гіне ен­ші­лес ұй­ым­ды құ­ру­ға неме­се са­тып алу­ға неме­се банк­тің неме­се банк хол­дин­гі­нің ұй­ым­дар­дың ка­пи­та­лы­на қо­мақ­ты қа­ты­суы­на рұқ­сат бе­ру» (қа­жет болған кез­де) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рі­мен бір өті­ніш негі­зін­де бір­не­ше мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер жиын­тығ­ын көр­се­ту­ді көз­дей­тін «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    «Бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 65 (ал­пыс бес) жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды. «Бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің құ­ра­мы­на кі­ре­тін мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді тө­леу ту­ра­лы ақ­па­рат пен қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі «Банк­тің, банк хол­дин­гі­нің ірі қа­ты­су­шы­сы, сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның, сақ­тан­ды­ру хол­дин­гі­нің ірі қа­ты­су­шы­сы, ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру­шы­ның ірі қа­ты­су­шы­сы мәр­те­бе­сін ие­ле­ну­ге ке­лі­сім бе­ру, оны ке­рі қай­та­рып алу қа­ғи­да­ла­рын және көр­се­ті­л­ген ке­лі­сім­ді алу үшін та­быс еті­ле­тін құ­жат­тар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2012 жы­л­ғы 24 ақ­пан­да­ғы № 67 қа­улы­сын­да (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де №7552 бо­лып тір­кел­ген) және «Банк­ке неме­се банк хол­дин­гіне ен­ші­лес ұй­ым­ды құ­ру­ға неме­се са­тып алу­ға, ұй­ым­дар­дың ка­пи­та­лы­на қо­мақ­ты қа­ты­су­ға, бас банк­тің күм­ән­ді және үміт­сіз ак­тив­те­рін са­тып ала­тын ен­ші­лес ұй­ым­ды банк­тің құ­руы­на неме­се са­тып алуы­на, сон­дай-ақ ен­ші­лес ұй­ым­ды құ­ру­ға, са­тып алу­ға, ұй­ым­дар­дың ка­пи­та­лы­на қо­мақ­ты қа­ты­суы­на рұқ­сат­ты қай­та­рып алу және (неме­се) оның кү­шін жою қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2017 жы­л­ғы 28 қаң­тар­да­ғы №24 қа­улы­сын­да (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 15050 бо­лып тір­кел­ген) көз­де­ле­ді.

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу

    және дамыту агенттігі

    Басқармасының қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі Басқармасының

    2022 жылғы 22 қарашадағы

    № 93 қаулысына

    3-қосымша

    Нысан

    Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш

    ________________________________________________________________

    (микроқаржы ұйымының атауы, микроқаржы ұйымы өкілінің бизнес

    сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    _________________________________________________________________

    (өтініш берушінің осы өтінішті микроқаржы ұйымының атынан беруге

    өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде

    куәландырылған құжатқа сілтеме)

    _________________________________________________________________

    (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері,

    _________________________________________________________________

    заңды мекенжайы)

    _________________________________________________________________

    (микроқаржы ұйымының атауы) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру

    нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

    _________________________________________________________________

    (қабылдаған) «___» _______ 20__ жылғы № ______ шешіміне сәйкес

    1)________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (микроқаржы ұйымының атауы және орналасқан жері) микроқаржы ұйымын

    банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

    2) ________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның

    (болған кезде)) банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысы

    мәртебесінің атауы (микроқаржы ұйымының иеленетін акцияларының саны,

    олардың құны, иеленуге болжанатын микроқаржы ұйымы акцияларының

    санының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған) акциялар

    санына және (немесе) микроқаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының

    санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді; микроқаржы ұйымы

    акцияларын иеленудің талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді көрсете

    отырып, оның ішінде бұған дейін иеленген, сондай-ақ көздер мен қаражаттың

    сипаттамасы) (қажет болған жағдайда толтырылады)

    3) ________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (еншілес ұйымның заңды тұлғасының (болған кезде) атауы немесе капиталға

    қомақты қатысуы)

    ____________________________________________

    (қажеттісін толтыру қажет)

    ___________________________________________ құруға рұқсат беру;

    (құрылатын банктің атауы) (қажет болған жағдайда толтырылады)

    Микроқаржы ұйымының лауазымды адамы не микроқаржы ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар санын көрсету):

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (микроқаржы ұйымының лауазымды адамының немесе микроқаржы

    ұйымының құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адамының қолы, күні)

    Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті заңды тұлғаның лауазымды адамы не заңды тұлға құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам (өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растайды.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    _______________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    (банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті

    заңды тұлғаның лауазымды адамының не заңды тұлға құжаттарға қол қоюға

    уәкілеттік берген адамның қолы*, күні)

    Ескертпе: * Тармақ микроқаржы ұйымында ірі акционер заңды тұлға болған кезде ғана толтырылады.

    Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлға не жеке тұлға өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растайды.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    _______________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    (банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлғаның не

    жеке тұлға құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолы*, күні)

    Ескертпе: ** Тармақ микроқаржы ұйымында ірі акционер заңды тұлға болған кезде ғана толтырылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.