Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы № 7-2 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №7-2 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бөрлі аудандық мәслихатының «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қазандағы №7-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7268-07 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    7- тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

    «1) ауруын дәлелдейтін медициналық мекеменің анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    К. Ермекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.