Павлодар қаласы Мойылды ауылының көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    Павлодар қаласы Мойылды ауылының көшелерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2-тармағына сәйкес, Мойылды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар қаласының Мойылды ауылында «Парковая» көшесін- «Көкжиек» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мойылды ауылының әкімі

    Ж. Әбікен

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.