Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7266-07 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 – тармағының 34) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«34. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған адамдарға бір рет 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.»;
7 – тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1 ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;»;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық аудандық маслихат төрағасы
С. Сиражев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.