Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2023 ж.
Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы №7-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 – бабының 2 – тармағына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы №7-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7220-07 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Т. Кадимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.