Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы № 8-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2023 ж.

    Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 шешіміне ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7287-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімімен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    2-тараудың 7 – тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын; ».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Н.Мендешов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.