«Арал ауданы Жақсықылыш кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №155 шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Арал ауданы Жақсықылыш кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №155 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6307 болып тіркелген) мынадай өзгерістеренгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Турахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.