«Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №158 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы
Б.Турахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.