«Арал ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №290 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    «Арал ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №290 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Арал ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы19 желтоқсандағы № 290 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 163941 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

    4-тармақта:

    тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;

    оныншы абзац алып тасталсын;

    он бірінші абзац алып тасталсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Арал аудандық мәслихатының төрағасы

    Б.Турахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.