Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 2023 ж.

    Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Аманжолов

    Қарғалы аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 20 желтоқсандағы

    № 100 шешіміне қосымша

    Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Ата­уы
    Есеп­тік бір­лік
    тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­сыз)
    Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
    1 түр­ғын ай­ы­на
    165,00
    Бір­лі­гіне (кө­ле­міне) жыл­дық та­риф
    1 м3
    1 885,72

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.