«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16576 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскуранты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

    3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрінің

    2023 жылғы «__» _____ №____

    бұйрығымен бекітілген

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет БАҒАЛАРЫНЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ

    Мер­зі­мі
    ҚҚС-сыз ба­ға­сы (тең­ге)
    Аста­на, Ал­ма­ты, Ақ­тө­бе, Шым­кент қа­ла­ла­ры үшін:
    1-са­нат­ты же­дел­дік – 1 (бір) жұ­мыс кү­ніне дей­ін
    3011,12
    2- са­нат­ты же­дел­дік – 3 (үш) жұ­мыс кү­ніне дей­ін
    1581,14
    об­лыс ор­та­лық­та­ры үшін:
    1-са­нат­ты же­дел­дік – 3 (үш) жұ­мыс кү­ніне дей­ін
    3011,12
    2- са­нат­ты же­дел­дік – 5 (бес) жұ­мыс кү­ніне дей­ін
    1581,14
    об­лы­стар­дың аудан­да­ры мен қа­ла­ла­ры үшін:
    3-са­нат - 7 (же­ті) жұ­мыс кү­ніне дей­ін
    605,31

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.