«Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет» кәсіптік стандартын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2023 ж.

    «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет» кәсіптік стандартын бекіту туралы

    «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет» кәсіптік стандарты бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министрдің міндетін атқарушы

    Қ. Ысқақов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

    министрлігі

    Бұйрығымен бекітілген

    «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет» кәсіптік стандарты

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Кәсіптік стандартты қолдану саласы: «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) жастар жұмысын жүзеге асыру және оның дамуын жоспарлау үшін қажетті қызметкерлердің құзыреттерін бағалауға арналған. Кәсіптік стандарт «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды анықтайды.

    2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

    2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

    3) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

    4) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

    5) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

    6) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

    7) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

    8) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

    9) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

    10) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

    11) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

    3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдалынылады:

    1) БА – басшылар лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

    2) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

    3) ЖРО – жастар ресурстық орталығының;

    4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

    5) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

    2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

    4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет».

    5. Кәсіптік стандарттың коды: М84120.

    6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету: M секциясы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет:

    84 Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;

    84.1 Жалпы сипатты мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық басқару;

    84.12 Әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, медициналық қызмет көрсетуді, білім беру, мәдени қызмет көрсетуді және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу;

    84.12.0 Әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, медициналық қызмет көрсетуді, білім беру, мәдени қызмет көрсетуді және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу.

    7. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруды, жастарға кеңес беруді және жастарға арналған іс-шараларды өткізуді қамтиды.

    Осы Стандартта сипатталған барлық кәсіптерге мынадай білім талаптары қолданылады: еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; қауіпсіздік техникасы; өндірістік санитария және өрттен қорғау; құжаттамалық қамтамасыз ету және іскерлік хат алмасу ережесі; іскерлік қарым-қатынас этикасы, мемлекеттік және орыс тілдерінде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу; кеңсе бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.

    8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:

    1) Орталықтың директоры (меңгерушісі) (жастарға ақпарат, жастарға консультативтік қызметтер, жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек) – СБШ 7-ші деңгейі;

    2) Жастармен жұмыс жөніндегі маман – СБШ 5-ші деңгейі.

    3-тарау. Мамандықтар карточкасы

    9. «Ор­та­лық­тың ди­рек­то­ры (мең­ге­ру­ші­сі) (жастар­ға ақ­па­рат, жастар­ға кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер, жастар­ға әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық кө­мек)» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы
    Топ­тың ко­ды:
    1210-0-020
    Қыз­мет ата­уы­ның ко­ды:
    1210-0
    Кә­сіп­тің ата­уы:
    Ор­та­лық­тың ди­рек­то­ры (мең­ге­ру­ші­сі) (жастар­ға ақ­па­рат, жастар­ға кон­суль­та­тив­тік қыз­мет­тер, жастар­ға әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық кө­мек)
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    6
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­тің кі­ші дең­гейі
    -
    БТ­БА, КС және т. б. үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    «Ақ­па­рат, ді­ни қыз­мет, аза­мат­тық қо­ғам, жастар және от­ба­сы са­ла­сын­да­ғы аза­мат­тық қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның ті­зі­лі­мін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 11 қа­зан­да­ғы № 394 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19478 тір­кел­ген).
    Кә­сіп­тік бі­лім дең­гейі
    Жо­ға­ры/жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі
    Ма­манды­ғы:
    6B01 Пе­да­го­ги­ка­лық ғы­лым­дар
    6B02 Өнер және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар
    6B03 Әле­умет­тік ғы­лым­дар, жур­на­ли­сти­ка және ақ­па­рат
    6B04 Биз­нес, бас­қа­ру және құқық
    «Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі бар кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғыт­та­ры­ның сы­нып­та­уы­шын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 13 қа­зан­да­ғы № 569 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17565 тір­кел­ген).
    Бей­ре­сми және ин­фор­мал­ды бі­лім­мен бай­ла­ныс
    Қа­жет емес
    Кә­сіп­тің бас­қа мүм­кін ата­у­ла­ры:
    1210-0-057 Ор­та­лық­тың ди­рек­то­ры
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты
    Ұй­ым мен бар­лық дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ара­сын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық­ты қам­та­ма­сыз ету
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры::
    1. Жастар ре­сур­стық ор­та­лы­ғы­ның (бұ­дан әрі - ЖРО) жұ­мысын бас­қа­ру және ұй­ым­да­сты­ру;
    2. Жастар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман­дар­дың жұ­мысын үй­ле­сті­ру және олар­дың құ­зы­рет­те­рін арт­ты­ру;
    3. Жастар жұ­мысын да­мы­ту және жастар жұ­мысы­ның са­па­сын арт­ты­ру­ға жәр­дем­де­су.
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры
    -
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
    Ең­бек функ­ци­я­сы 1:
    ЖРО жұ­мысын бас­қа­ру және ұй­ым­да­сты­ру
    Дағ­ды 1
    ЖРО қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру
    Қа­бі­лет:
    1. ЖРО қыз­ме­тіне бас­шы­лық жа­сау және оның жұ­мысы­ның нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты бо­лу;
    2. Өңір­лік қа­жет­ті­лік­тер мен ерекше­лік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, жастар­дың өзек­ті сұ­ра­ны­ста­ры негі­зін­де ЖРО да­мы­ту­дың пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­ла­рын әзір­ле­уді ұй­ым­да­сты­ру және қам­та­ма­сыз ету;
    3. Іс-ша­ра­лар­ға және кез­де­су­лер­ге қа­ты­су, тә­жі­ри­бе ал­ма­су мақ­са­тын­да бас­қа ЖРО бас­шы­ла­ры­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сау;
    4. ЖРО қыз­мет­те­рі ту­ра­лы ха­лық­ты ха­бар­дар ету­ді ұй­ым­да­сты­ру мақ­са­тын­да іс­кер­лік ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу және көп­ші­лік ал­дын­да сөз сөй­леу әді­сте­рін қол­да­ну, әле­умет­тік әріп­те­стер­мен іс­кер­лік қа­ты­на­стар ор­на­ту;
    5. Жа­ңа тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды, ең­бек­ті бас­қа­ру мен ұй­ым­да­сты­ру­дың про­грес­сив­ті түр­ле­рін қол­да­ну;
    6. ЖРО ма­ман­да­ры үшін қа­уіп­сіз және са­ла­у­ат­ты ең­бек жағ­дай­ла­рын жа­сау, ұжым­да қо­лай­лы пси­хо­ло­ги­я­лық аху­ал­ды сақ­тау мә­се­ле­ле­рін ше­шу;
    7. ЖРО-ның қар­жы-ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­тіне бас­шы­лық жа­сау.
    Бі­лім:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы;
    2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сі;
    3. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    4. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    5. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    6. ЖРО қыз­ме­ті мен ма­ман­да­ну ерекше­лік­те­рін бі­лу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Ең­бек функ­ци­я­сы 2:
    Жастар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман­дар­дың жұ­мысын үй­ле­сті­ру және олар­дың құ­зы­рет­те­рін арт­ты­ру
    Дағ­ды 1: Жастар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман­дар­дың жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру
    Қа­бі­лет:
    1. Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­тын іс­ке асы­ру­дың бел­сен­ді ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ды жос­пар­лау;
    2. Ең­бек және өн­ді­рі­стік тәр­тіп­ті ны­ғай­ту бой­ын­ша жұ­мыстар жүр­гі­зу;
    3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сын ба­қы­лау;
    4. Опе­ра­ци­я­лық және пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­лау қа­ғи­дат­та­рын, мо­ни­то­ринг және ба­қы­лау дағ­ды­ла­рын қол­да­ну;
    5. Ти­ім­ді жо­ба­лық ме­недж­мент дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру;
    6. Қыз­мет­кер­дің бі­лік­ті­лік дең­гей­ін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша жос­пар­лар­ды әзір­леу дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру;
    7. Қыз­мет­кер­лер­ге бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын әзір­леу, тре­нинг­тер мен бі­лім бе­ру іс-ша­ра­ла­рын өт­кі­зу.
    Бі­лім:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы;
    2. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    3. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    4. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    5. ЖРО қыз­ме­ті мен ма­ман­да­ну ерекше­лік­те­рін бі­лу.
    6. Оқы­ту­ды жүр­гі­зу­дің тео­ри­я­сы мен әді­сте­ме­сі (оқы­ту сти­лі, қа­ла­уы және т.б.);
    7. Бей­ре­сми бі­лім бе­ру әді­сте­рін бі­лу;
    8. Бей­ре­сми оқы­ту­ды ба­ға­лау (про­це­стер­ді, ба­ға­лау ме­ха­низмде­рі мен құ­рал­да­рын бі­лу);
    9. ҚР іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу және ҚР мен ұй­ым­ның бас­қа да заң­на­ма­лық ак­ті­ле­рі­нің тео­ри­я­сы.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Ең­бек функ­ци­я­сы 3:
    Жастар жұ­мысын да­мы­ту және жастар жұ­мысы­ның са­па­сын арт­ты­ру­ға жәр­дем­де­су
    Дағ­ды 1 (кә­сі­би мін­дет): Жастар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сын арт­ты­ру бой­ын­ша жос­пар әзір­леу
    Қа­бі­лет:
    1. ЖРО-ның стра­те­ги­я­лық құ­жат­та­ры мен да­му жос­пар­ла­рын әзір­леу;
    2. Ма­ман­дар­дың ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­рын орын­да­уын, са­па­сы мен мер­зі­мі бой­ын­ша құ­жат­тар­дың орын­да­луын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру;
    3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сы­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу;
    4. Жо­ба­ны бас­қа­ру­дың ти­ім­ді әді­сте­рін қол­да­ну.
    Бі­лім:
    1. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    2. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    3. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    4. ЖРО қыз­ме­ті мен ма­ман­да­ну ерекше­лік­те­рін бі­лу;
    5. Ше­шім­дер­ді бас­қа­ру тео­ри­я­сы мен дағ­ды­ла­ры;
    6. Ме­недж­мент тео­ри­я­сы және ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық пси­хо­ло­гия негіз­де­рі;
    7. Өкі­лет­ті­лік­ті та­быст­ау, жос­пар­лау, мо­ни­то­ринг және ба­қы­лау тео­ри­я­сы.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Ба­ста­ма­шы­лық, жа­у­ап­кер­ші­лік, ти­ім­ді­лік, шы­ғар­ма­шы­лық, ком­му­ни­ка­тив­ті­лік, икем­ді­лік, өзін-өзі да­мы­ту, бі­лім­дар­лық.
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар­дың ті­зі­мі
    -
    СБШ шең­бе­рін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп ата­уы
    6
    Ме­ке­ме­лер­дің, ұй­ым­дар­дың және кә­сі­по­рын­дар­дың бі­рін­ші бас­шы­ла­ры
    6
    Ор­та­лық ди­рек­то­ры
    10. «Жастар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы:
    Код:
    3412-0-003
    Топ ко­ды:
    3412-0
    Кә­сіп:
    Жастар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    5
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­тің кі­ші дең­гейі
    -
    БТ­БА, КС және т. б. үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    -
    Кә­сіп­тік бі­лім дең­гейі
    Кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық бі­лім
    Ма­манды­ғы:
    02 Өнер және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар
    03 Әле­умет­тік ғы­лым­дар және ақ­па­рат
    04 Биз­нес, бас­қа­ру және құқық
    «Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің ма­ман­дық­та­ры мен бі­лік­ті­лік­те­рі­нің сы­нып­та­уы­шын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 27 қыр­күй­ек­те­гі № 500 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17564 тір­кел­ген).
    Бей­ре­сми және ин­фор­мал­ды бі­лім­мен бай­ла­ныс
    Қа­жет емес
    Кә­сіп­тің бас­қа мүм­кін ата­у­ла­ры:
    3412-0-005 Әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі қыз­мет­кер
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты
    Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­тын іс­ке асы­ру, жастар­ға қыз­мет көр­се­ту
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    1. Жастар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­ды және олар­ға ке­ңес бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ету;
    2. Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры ар­қы­лы жастар­дың да­муы­на ық­пал ету;
    3. ЖРО-ға жү­гін­ген тұ­лға­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­рін зер­де­леу, жастар­дың қа­жет­ті­лік­те­рі мен үміт­те­рін анық­тау.
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры
    -
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
    Ең­бек функ­ци­я­сы 1:
    Жастар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­ды және олар­ға кон­суль­та­ция бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ету
    Дағ­ды 1
    Жастар­ға кон­суль­та­ция бе­ру
    Қа­бі­лет:
    1. Жастар­ға ба­стап­қы кон­суль­та­ция бе­ру­мен ай­на­лы­су, қа­жет болған жағ­дай­да жастар­ды ма­ман­дар­ға, уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және өзге де ұй­ым­дар­ға жі­бе­ру;
    2. Жастар­ға се­нім­ді және жүй­е­лі ақ­па­рат бе­ру;
    3. Жастар­мен жұ­мыс іс­теу үшін қа­жет­ті ком­му­ни­ка­тив­тік дағ­ды­лар­ды мең­ге­ру
    Бі­лім:
    1. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    2. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    3. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    4. Жастар­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры ту­ра­лы өзек­ті ақ­па­рат­ты бі­лу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Ең­бек функ­ци­я­сы 2:
    Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры ар­қы­лы жастар­дың да­муы­на ық­пал ету
    Дағ­ды 1
    Жастар үшін оқы­ту іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
    Қа­бі­лет:
    1. Оқы­ту іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу;
    2. Дай­ын бі­лім бе­ру ма­те­ри­ал­да­рын пай­да­ла­ну және бей­ім­деу;
    3. Топ­тық бас­қа­ру және фа­си­ли­та­ция, тә­лім­гер­лік дағ­ды­ла­ры;
    4. Жастар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сын жақ­сар­ту үшін қа­жет­ті­лік са­у­ал­на­ма­ла­ры мен ке­рі бай­ла­ныс са­у­ал­на­ма­ла­рын жүр­гі­зу.
    Бі­лім:
    1. Жастар­дың әр­түр­лі жас топ­та­ры­ның пси­хо­ло­ги­я­лық және әле­умет­тік ерекше­лік­те­рін бі­лу;
    2. Бел­сен­ді тың­дау мен вер­бал­ды емес қа­рым-қа­ты­на­стың әр­түр­лі фор­ма­ла­ры мен эле­мент­те­рін бі­лу;
    3. Бей­ре­сми бі­лім бе­ру әді­сте­рін бі­лу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Ең­бек функ­ци­я­сы 3:
    ЖРО-ға жү­гін­ген тұ­лға­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­рін зер­де­леу, жастар­дың қа­жет­ті­лік­те­рі мен үміт­те­рін анық­тау
    Дағ­ды 1
    Жастар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сын арт­ты­ру бой­ын­ша жос­пар әзір­леу
    Қа­бі­лет:
    1. Жастар­дан ке­рі бай­ла­ныс алу ар­қы­лы жастар­дың ақ­па­рат­тық қа­жет­ті­лік­те­рін анық­тау;
    2. Ақ­па­рат­ты/де­ректер­ді жи­нау, өң­деу және тал­дау дағ­ды­ла­ры;
    3. Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі­мен жұ­мыс іс­теу қа­бі­ле­ті және ре­флек­сия жүр­гі­зу.
    Бі­лім:
    1. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    2. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    3. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    4. Де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма тех­но­ло­ги­я­ла­рын бі­лу;
    5. Де­ректер­ді тал­да­удың тео­ри­я­сы мен негіз­гі әді­сте­рін бі­лу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Ең­бек функ­ци­я­сы 4:
    Жастар­ға ар­нал­ған жо­ба­лар­ды әзір­леу, іс­ке асы­ру және ба­ға­лау
    Дағ­ды 1
    Бас­қа­ру­шы­лық тә­сіл­дер­ді, цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып, жастар­ға ар­нал­ған жо­ба­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру, әзір­леу
    Қа­бі­лет:
    1. Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық бас­қа­ру және ұй­ым­ның са­я­са­ты мен бағ­дар­ла­ма­сын да­мы­ту, мо­ни­то­ринг және ба­ға­лау;
    2. Ақ­па­рат­ты/де­ректер­ді жи­нау, өң­деу және тал­дау дағ­ды­ла­ры;
    3. Ауди­то­ри­я­мен жұ­мыс іс­теу қа­бі­ле­ті;
    4. Көш­бас­шы­лық, де­ле­га­ция, жос­пар­лау, жәр­дем­де­су, ком­му­ни­ка­ция;
    5. Қар­жы­лық ме­недж­мент, адам ре­сур­ста­рын бас­қа­ру және да­мы­ту, қа­ра­жат жи­нау, ком­му­ни­ка­ция, мүд­де­лер­ді қор­ғау, же­лі құ­ру.
    Бі­лім:
    1. «Мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы;
    2. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік жастар са­я­са­ты­ның 2023 – 2029 жыл­дар­ға ар­нал­ған тұ­жы­рым­да­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2023 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 247 қа­улы­сы;
    3. «Жастар ре­сур­стық ор­та­лық­та­ры ту­ра­лы үл­гі­лік ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 19 қа­ра­ша­да­ғы № 444 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 19619 тір­кел­ген);
    4. Жо­ба және ре­сур­стар­ды бас­қа­ру негіз­де­рін бі­лу;
    5. Де­ректер­ді тал­да­удың тео­ри­я­сы мен негіз­гі әді­сте­рін бі­лу.
    6. Ақ­па­рат­тық, ком­му­ни­ка­ци­я­лық және әле­умет­тік ме­диа құ­рал­да­рын бі­лу.
    Дағ­ды­ны та­ну мүм­кін­ді­гі
    ұсы­ны­ла­ды
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Ба­ста­ма­шы­лық, жа­у­ап­кер­ші­лік, ти­ім­ді­лік, шы­ғар­ма­шы­лық, ком­му­ни­ка­тив­ті­лік, икем­ді­лік, өзін-өзі да­мы­ту, бі­лім­дар­лық.
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар­дың ті­зі­мі
    -
    СБШ шең­бе­рін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп ата­уы
    5
    Әле­умет­тік қыз­мет­кер
    5
    Әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі қыз­мет­кер

    4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

    11. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

    Орындаушы: Есекеева М.М., [email protected], 74-05-08.

    12. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті.

    Орындаушы: Есекеева М.М., [email protected], 74-05-08.

    «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС.

    Орындаушылар:

    Қайдарова Т.Қ., [email protected], 27-04-36.

    13. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 23 қараша 2023 жылғы №01- 04/12 хаттама.

    14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 13 қазандағы 2023 жылғы № 3346 қорытындысы.

    15. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 3 қарашадағы 2023 жылғы № 14790/30 сараптамалық қорытындысы.

    16. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: нұсқа 1, 2023 ж.

    17. Бағдарлы жаңарту күні: 05.11.2026 ж.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.