«2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    «2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2023 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 799 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2 және 3 қосымшалары осы қаулының 2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Г. Сыздыкбеков

    Шымкент қаласының әкімі

    2023 жылғы 21 желтоқсандағы

    № 2848

    қаулысына 2-қосымша

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы 7 сәуірдегі

    № 799 қаулысына 2- қосымша

    2023 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі

    Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
    59 146 000 тенге

    Шымкент қаласының әкімі

    2023 жылғы 21 желтоқсандағы

    № 2848

    қаулысына 3-қосымша

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы 7 сәуірдегі

    № 799 қаулысына

    3- қосымша

    2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі

    Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажетті барлық қаржы көлемі,
    мың теңге
    оның ішінде:
    бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
    элиталық көшеттер
    12 726,8
    8 726,8
    4 000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.