Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7270-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тараудың 7- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихатының төрағасы
А. Нургалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.