Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихат төрағасы
Ш. Дуйсенгалиева
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 15-9
шешіміне қосымша
1) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5177 болып тіркелген) шешімі;
2) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 17-16 шешімі;
3) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №25-8 «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-5 шешімі;
4) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы № 7-5 шешімі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.