Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ленинград ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылындағы көшелері қайта аталсын:

    Пионерский көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне;

    Юбилейный көшесін Ғабит Мүсірепов көшесіне;

    Лихачева көшесін Жамбыл көшесіне.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    А. Маймаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.